Ақтөбе облысында жол апатынан 3 адам қаза болды, - деп хабарлайды Massaget.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1 тамыз шамамен сағат 11:00-де Самара-Шымкент автожолының 765 шақырымында Mercedes жүк көлігі мен ВМW автокөлігі соқтығысқан.
"Салдарынан BMW автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында қаза тауып, бір жолаушысы Ақтөбе қаласындағы ауруханаға жеткізілді", - деді Ақтөбе қаласы ПБ бастығы Әсет Калиев.