Павлодарда балаларға дөрекілік танытқан тәрбиешінің көмекшісі жұмыстан қуылды. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. «Самал» оңалту орталығының қызметкері балаларды жұлқылап, кейбірінің бетінен шапалақпен ұрған. Ата-аналардың шағымынан кейін қызметтік тексеру басталып, полиция іс қозғады. Ал қызметіне салғырт қараған мекеме басшысына айыппұл салынды.
Гүлнәр Үзденбаева, БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Біз тексеру барысында тәрбиеші мамандардың аттестатциядан өтпегені анықталды. Оған қоса тәрбиешілер уақытылы біліктілігін аттыру курстарынан да өтпеген. Сол себепті орталықтың басшысына әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.