Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Боранда екі қолы үсіп кеткен қандасымыздың ерекше бейне жазбасы жарияланды

AstanaTV
02.08.2023ж. 16:57
656
Боранда екі қолы үсіп кеткен қандасымыздың ерекше бейне жазбасы жарияланды

Қытайда тұратын қандасымыз Мәдинаның әлеуметтік желіде ерекше видеосы жарияланды. Бір жасқа толмаған кезінде анасымен бірге боранда қалып қойған. Анасы бар киімімен қызын орапты. Өзі суықта үсіп, қаза тапқан. Шынашақтай қыздың екі қолы ашық қалып, суыққа шыдамаған. Қандасымыз қазір он екі мүшесі түгел болмаса да кәсіппен айналысып, көпті таңғалдырып жүр. Бейне жазбада ол денсаулықтың қадірі туралы айтқан.

«Мән-мағынасыз ойын күлкіден, тойымсыз тәбеттен тыйылсаңыз ақаусыз денсаулыққа салауатты тұрмыс салтына бір қадам жақындаймыз. Сондықтан қазірден бастап дұрыс ғылыми тамақтануды, уақытында демалуды әдетке айналдырыңыз. Мағынасыз істерге бола денсаулығымызды шығындамайық. Өмір бір-ақ рет беріледі. Оны аялау білсеңіз оның да берері», - деді ол.

Оқырмандар бейне жазба астына «Қазақтың қайсар қызыдары жасасын!», «Бақытты бол қарындасым», «Алла күш қуат берсін», «Жарайсың қарындас» - деп жылы пікірлерін жазған.