$522.49 €547.88 ₽5.06
×

"Қара томпағым, қатты құшақтап алсам ғой". Асылхан Төлепов шетінеп кеткен ұлын сағынып жүр

AstanaTV
04.08.2023ж. 09:42
1126
"Қара томпағым, қатты құшақтап алсам ғой". Асылхан Төлепов шетінеп кеткен ұлын сағынып жүр

Актер Асылхан Төлепов шетінеп кеткен ұлына арнап жан тебірентерлік жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Ол ұлының басына қойылған көктастың фотосын жариялады. 

Онда "Асылханұлы Ахан, 03.08.2021 - 30.03.2022" деп жазылған.

"Бүгін менің батырымның туған күні... Қасымызда болсаң 2-ге толар едің...

Батырым! Қошақаным! Тәп-тәтті болған қара томпағым, бір иіскеп, сүйіп, қатты құшақтап алсам ғой сені", - деп жазды ол Instagram-дағы сторисінде.

Еске салайық, былтыр наурызда актер Асылхан Төлеповтің ұлы шетінеп кеткен еді.

"Қош бол, құлыным" деп жазу қандай қиын. Жүрегім! Батырым менің! Балам, қысқа ғана өміріңде көп нәрсені түсіндіріп кеттің. Сені құшақтап, сүйсем ғой. Қоштасып та үлгермедім. Не істейін? Не айтайын? Кішкентай ғана құлыншағым! Қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Алла беруші, Алла алушы. Аханым-ау", - деп жазған еді ол сол кезде.