$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Найзағай ойнап, бұршақ жауады: 5-7 тамызда Астана, Алматы және Шымкентте күн райы қандай болады

AstanaTV
04.08.2023ж. 23:31
872
Найзағай ойнап, бұршақ жауады: 5-7 тамызда Астана, Алматы және Шымкентте күн райы қандай болады

"Қазгидрометтің" болжамына сәйкес, алдағы күндері Астана, Алматы және Шымкент қалаларында күн бұлттанып, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжамынша, Астанада 5-7 тамыз аралығында көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады. 5 тамызда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +28+30°С болады. 6 тамызда да жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Елордада түнде +17+19°С, күндіз +26+28°С болады. 7 тамызда ауа температурасы төмендейді, күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін (түнде +16+18°C, күндіз +25+27°C). Бұл күндері солтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.

Алматыда:

5 тамыз: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын желдің екпіні 3-8 м/с болады. Түнде +23+25°С, күндіз +36+38°С ыстық,;

6 тамыз: көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8 м/с болады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Түнде +23+25°С, күндіз +35+37°С ыстық;

7 тамыз: көшпелі бұлтты, жаңбыр (күндіз кей уақытта қатты), найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Батыстан соғатын желдің күші 3-8 м/с, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Түнде +20+22°С, күндіз +26+28°С.

Шымкентте жаңбыр жауады. Мұнда 5 тамызда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13 м/с болады. Түнде +21+23°С, күндіз +36+38°С. 6 тамызда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +22+24°С, күндіз +30+32°С. 7 тамыз көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Түнде +19+21°С, күндіз +29+31°С.