Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Павлодар облысында әкімдерге ауылға көшуге бір ай уақыт берілді

AstanaTV
05.08.2023ж. 12:51
833
Павлодар облысында әкімдерге ауылға көшуге бір ай уақыт берілді

Павлодар облысының әкімі өздеріне сеніп тапсырылған ауылдарда тұрмайтын екі әкімге ескерту жасап, ауылға көшуге бір ай мерзім берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Павлодар облысындағы кейбір ауылдық округтердің басшылары өздеріне сеніп тапсырылған ауылдарда тұрмайды. Бұл туралы облыс әкімі Асаин Байхановтың шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесуінде мәлім болды.

"Абай" ЖШС басшысы Николай Миллердің сөзінше, Ертіс ауданы Голубовка ауылдық округінің әкімі бұл ауылда тұрмайды және тұрғындардың түрлі сұрақтарына уақытылы жауап мейдң. Шарбақты ауданының Сосновка ауылында да осындай жағдай қайталанған.

Өңір басшысы аудан әкімдерінен мониторинг жүргізуді талап етті. Асаин Байханов екі ауылдық округтің әкімдеріне бір ай ішінде аталған ауылдарға көшуді тапсырды.

“Бұл мәселені шешіңіздер. Сіздерге көшуге бір ай уақыт беремін немесе біз қайта сайлаймыз. Олар ауылдарда не болып жатқанын телефон арқылы қалай біледі?" - деді Асаин Байханов.