Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Мақпал Исабекова Әсел Сәдуақасованың тойына неге шақырылмағанын айтты

AstanaTV
08.08.2023ж. 17:17
3293
Мақпал Исабекова Әсел Сәдуақасованың тойына неге шақырылмағанын айтты

Танымал әнші Мақпал Исабекова актриса Әсел Сәдуақасованың тойына неге бармағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Әлеуметтік желіде оқырмандарының бірі әншіден тойға неге шақырылмағанын сұраған.

"Сіздің қызығушылыңызды қанағаттандыра алмаймын. Бұл сұрақ маған қойылмауы керек еді. Неге екенін білмеймін. Қатты қызық болса, өзінен сұраңыздар", - деп жауап берген ол.

Сондай-ақ, әнші қазір сыртқа шығуды, адамдармен араласуды сиреткенін айтты.

"Анамен неге араласпаймыз, мынамен неге дос емессіз, аналармен ұрысып қалдыңыз ба, енді дос емессіздер ме, олардың арасында көрінбейсіз ғой". Мұндай сұрақ өте көп. Құрметті оқырмандарым, Instagram-да маған біреумен достығымның дәлелі керек емес. Иә, мен далаға шығуды, адамдармен көрісуді сиреттім. Менің кішкентай балам бар. ...Шынайы достықта адам алыста болса да "сенімен бірге" екенін білу маңызды", - деді ол.