Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Тәрбиеші-педагогтардың жалақысын жыл сайын арттыру оң нәтиже беріп келе жатыр", - тәрбиеші

"Тәрбиеші-педагогтардың жалақысын жыл сайын арттыру оң нәтиже беріп келе жатыр", - тәрбиеші

Жанар Атабаева балабақшада тәрбиеші болып 15 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бесіктен енді белі шыққан бүлдіршінге бірнәрсе үйретудің өзі оңай емес. Соған қарамастан жұмысым қиын, машақаты көп деп шағымданған емес. Керісінше әрбір баланы баласындай көріп, қамқорлық танытады. Айлығы да шайлығынан артылмайтын. Ол да кезең-кезеңімен артып, қуанып қалды.

Жанар АТАБАЕВА, БАЛАБАҚША ТӘРБИЕСІШІ:
- Мен үшін ең қызықты және қажетті мамандық тәрбиеші мамандығы деп ойлаймын. Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асырып келе жатқан тәрбиеші-педагогтардың жалақысын жыл сайын арттыру оң нәтиже беріп келе жатыр. Бұл дегініміз яғни тәрбиешілердің мерейін өсіріп, мәртебесін арттыру деген.
Биыл елімізде мұғалімдер мен тәрбиешілердің, оқытушылардың жалақысы 25 процентке өсті. Педагогтардың кәсіби тәжірибесі мен біліктілігі үшін де қосымша ақы қарастырылған. Мемлекет басшысы Жолдауда Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласының ұлт сапасын арттыруда маңызы зор екенін айтып, тапсырма берген болатын.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
- Тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейту керек. Осы саладағы мамандарға қойылатын нақты талаптар бекітілуге тиіс. Олардың жұмыс жүктемесін де біртіндеп азайтқан жөн. Өз ісіне адал ұстаздар білім беру саласының дамуына зор үлес қосады. Сондықтан, балабақшаны емес, тәрбиешіні аттестациялау қажет.
Тәрбиешілердің жалақысы ғана өсіп қойған жоқ. Қойылатын талап та күшейді. Бастасы, Президент тапсырмалары тиянақты орындалуда.