ІІМ Түркістан облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында, той кортежінде жол ережесін сақтамаған және рұқсат етілмейтін қызыл-көк түсті маяк орнатып, тіпті мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз трассада емін-еркін жүрген екі көліктің бейнежазбасы белгілі болды.
Құқық бұзушылық Қазығұрт ауданында болған. ВАЗ 21015 көлігі анықталып, оның жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК 590-бабы 2-бөлігі, 603-бабы 2-бөлігі, 601-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды», - деп жазды құзырлы органнан.
Жүргізуші кінәсін толық мойындады.
Ал бейнежазбадағы екінші Lada Granta көлігін басқарған шымкенттік тұрғынның жеке басы анықталып, тәртіп сақшыларымен іздестіру жұмыстары жүргізілуде.