$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Жастар саясатына қатысты бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру керек", - Қ.Тоқаев

10.08.2023ж. 20:00
918
"Жастар саясатына қатысты бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру керек", - Қ.Тоқаев

Президент Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәліні қабылдады. Ол Мемлекет басшысына министрліктің ақпарат, қоғамдық даму, дін және этносаралық қатынастар, азаматтық сектор, сондай-ақ жастар және отбасы саясатын жүзеге асыру бағытында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндады. Отандық телесериалдар өндірісі көлемін ұлғайтып, оларды шетелге таратуға, медиа сауаттылықты арттыруға, сондай-ақ азаматтық қоғаммен өзара қарым-қатынасты жандандыруға айрықша мән беріп отырғанын жеткізді. Президент азаматтық қоғам институттарымен барлық деңгейдегі байланысты күшейтіп, әр саладағы өзекті мәселелерді қоғаммен кең көлемде талқылауға ашық болуы қажет екенін атап өтті. Жастар саясатына қатысты бағдарламаларды тиімді жүзеге асыруды тапсырды.

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

Қабылданып жатқан заңдар жалпы ақпарат саласындағы жаңалықтар, креативті индустрияға қатысты жаңалықтар және алдағы жоспарларымыз жөнінде баяндадым. Мемлекет басшысы саланың дамуы үшін нақты тапсырмалар берді.