Қарағандыда аялдамалардың бірінен ер адамның денесі табылды. Полицияның мәліметінше, істің мән-жайы анықталуда, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ер адамның денесі табылғаны туралы ақпаратты блогер Денис Денски өзінің Instagram парақшасында жариялады.
"Бүгін кешке блог оқырманы Қарағандыдағы аялдамада болжам бойынша ер адамды найзағай соққанынын хабарлады. Оқырманымның ақпаратынша, Майқұдық полициясы жігіттің туыстарын іздестіруде. Жігіттің телефоны болған, ол қосылмай тұр. Өйткені найзағай кезінде смартфонға зақым келген. Анық-қанығы анықталуда", - деді қарағандылық.
Ал полиция ер адамның жеке басы анықталмағанын хабарлады. Қазір құқық қорғаушылар оқиғаның мән-жайын анықтауда.
"Аталған факті тіркелді. Ер адамның жеке басы анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мән-жайы анықталуда", - деді Қарағанды облысы полиция департаментінен.