Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қызылжардағы жылу электр станциясының жаңа мұржасы қисық салынған

11.08.2023ж. 20:00
763
Қызылжардағы жылу электр станциясының жаңа мұржасы қисық салынған

Қызылжардағы жылу электр станциясының жаңа мұржасы қисық салынған. Былтыр құлаған құбырдың орнына салынып жатқан жаңа дүрбінің құрылысы биыл қолға алынған. 180 метрлік нысанның бүгінде 39 метрі бой көтерген. Алайда, мұнара көтерілген сайын қисайып барады екен. Мұны қала тұрғыны байқап, әлеуметтік желіде мұржаның суретін жариялаған. Артынша мәселе қызу талқыланып, құрылыс дереу тоқтатылды. Бірақ, жылу станциясының басшылығы ақауды өздері байқағандарын айтып ақталды. Құзырлы тарап мердігерлерден мұржаның қисайған бөлігін бұзып, қайта салуды талап етіп отыр. Әзірге құбырдың неше градусқа қиыс кеткені белгісіз. Айта кетейік, жоба құны 2 миллиард теңгеден асады.

 Дмитрий ЗАХАРОВ, ПЕТРОПАВЛ ЕКІНШІ ЖЫЛУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бетонды құятын автоматты конструкция жылжып кеткен. Соның салдарынан бетон қисық құйылған. Біз құбыр құрылысын тамыздың сегізінде тоқтаттық. Ал әлеуметтік желіде бұл мәселе тек екі күннен бірақ жарияланды. Қазір мердігерлер аталған конструкцияны бұзып жатыр. Қалған жұмыстарды енді комиссия шешетін болады.