$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстандық әйел Кореяда автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасады

AstanaTV
13.08.2023ж. 22:47
1095
Қазақстандық әйел Кореяда автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасады

Оңтүстік кореялық БАҚ 50 жастағы қазақстандық әйелдің пышақпен автобус жүргізушісіне шабуыл жасағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Insight.co.kr басылымының дерегіне сүйенсек оқиға Кенбу қаласындағы автомагистральде болған.

50 жастағы әйел 10 тамызда Сеулдегі Сеочо полиция учаскесіне шабуыл жасады деген күдікпен жеткізілген.

Полиция мәліметінше, қазақстандық әйел туристік автобустың терезе тазалағышын сындырмақ болған. Автобус Ханнам көпірі арқылы Кенбуден Сеочуге жол тартқан.

Әйелді тоқтату үшін жүргізуші автобустан шыққанда пышақпен шабуыл жасап қашып кеткен. 11 минуттан соң әйел ұсталыпты.

Қазіргі уақытта полиция әйелдің мұндай әрекетке не себепті барғанын анықтап жатыр.