Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген 80 мың көлік тіркеуден өтіп үлгермеген

15.08.2023ж. 20:00
757
2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген 80 мың көлік тіркеуден өтіп үлгермеген

Елге кіргізілген 80 мың көлік тіркеуден өтіп үлгермеген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы 2022 жылдың 1-ші қыркүйегіне дейін әкелінген 300 мың көлікті жеңілдікпен рәсімдеу туралы жарлыққа қол қойған болатын. Үкімет тарапынан берілген қолдаудан құр қалғандарға шілдеге дейін уақытша тіркеуге мүмкіндік берді. Бұны да пайдалана алмағандар көп. Шеттен кіргізілген көлікке бір жылға ғана сақтандыру полюсі беріледі. Ал бұл мерзім аяқталса темір тұлпарды тізгіндеуге тыйым салынады. Тіркеуге үлгермеген көлік иелері енді заңды утиль алымын, бастапқы тіркеу ақысын төлеп рәсімдеуге міндетті. Әйтпесе, айыппұл салынып, темір тұлпар көлік тұрағына қойылады.

Қайсар СҰЛТАНБАЕВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Кейбір кісілер заңға бағынбаймыз. Біздің авто көліктерімізді осы заңдастыру шеңберінде алымдарды төлемей қойып беріңіздер деген талап қойып отыр. Мен айтып өтейін, бұл заңсыз талап. Қазіргі таңда біз Қазақстан азаматтары осы Қазақстан Республикасының заңына бағынуымыз керек.