$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Павлодарда мердігерге мәрттік танытқан екі шенеунік қызметінен қуылмақ

15.08.2023ж. 20:00
893
Павлодарда  мердігерге мәрттік танытқан екі шенеунік қызметінен қуылмақ

Павлодарда мердігерге мәрттік танытқан екі шенеунік қызметінен қуылмақ. Аймақтың әдеп жөніндегі кеңесі оларды тәртіптік жазаға тартпақ. Бұған Павлодар және Аққулы аудандарының білім бөлімін басқарған шенділердің мердігерге «кең пейілдік» көрсетуі себеп. Өйткені, мектептердегі күрделі жөндеуді уақытылы аяқтамаған құрылыс компаниясын жауапсыз мердігер ретінде танудың орнына қамқорлық танытқан.
Ерқанат ДӘУЛЕТҰЛЫ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕР АГЕНТТІГІ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:
 Бөлім тарапынан бітімгершілік туралы келісім жасасу туралы шешім қабылдау кезінде заңсыз артықшылық көрсетті. Нәтижесінде келісім шарт мерзімдерінің уақытылы орындамағанына қарамастан, компания жосықсыз жеткізушілер тізіміне енгізілмеді.
Бұл уәжбен екі ауданның да бөлім басшылары келіспейді. Олар барлығын заң аясында жасадық деп түсіндірді. Алайда, аймақтың әдеп жөніндегі кеңесі мемлекеттік қызметкерлердің бұл әрекеті заңға қайшы екенін айтып, өз қызметіне лайық емес деген шешім шығарды. Яғни, екі шенеунік 6 ай ішінде қызметінен кетуі керек. Әйтпесе, мәжбүрлі түрде лауазымдары төмендетіледі.