$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Жағдайы жақсарып келеді": Анасының сырқаттанып қалғанын айтқан Анна Данченко жақсы жаңалықпен бөлісті

AstanaTV
17.08.2023ж. 22:05
1710
"Жағдайы жақсарып келеді": Анасының сырқаттанып қалғанын айтқан Анна Данченко жақсы жаңалықпен бөлісті

Танымал тележүргізуші Анна Данченко анасының жағдайы жақсарғаны айтып, қуанышты жаңалығымен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Қайта құшақтай алғаныма, сөйлесе алғаныма, “жақсы көремін, сағындым” деп айта алатыныма, бірінші Аллаға, екінші дәрігерлерге, үшінші сіздерген мың алғыс, құрметті оқырман. Дұғаларыңыз қабыл болып, шүкір, жағдайы жақсарып келеді”, – деп жазды тележүргізуші.

Анна Данченко қазіргі жағдайы туралы айтып, дәрігерлерге алғысын айтты.

“Жүрегім кішкентай бақытқа толы. Мамаға кіріп, шықтым. Дәрігерлермен сөйлестім. Ертең бұйыртса, үйге шығарады. Анализ нәтижелері жақсарды. Ары қарай емін үйде жалғастырады. Ең бастысы жансақтау бөлімінен шықты, жүрегі соғып тұр, өзі демалып жатыр. Дәрігерлер тарапынан үлкен жұмыс жасалды. Уақытылы ота жасап, ем-шараларын жүргізген дәрігерлерге және менімен бірге жылап, күлген оқырманға алғысымды айтамын”, – дейді Анна Данченко.