Ақтөбеде қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, - деп хабарлайды polisia.kz.
18 тамыз күні жедел басқару орталығына көпқабатты үйдің балконынан қыздың құлағаны туралы хабар түсті.
Полиция қызметкерлері тоғыз қабатты үйдің 7-қабатының балконынан секірген 26 жастағы қыздың мәйітін тапты.
Ол алған жарақаттарынан жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.