$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Тоқаев ресми сапармен Вьетнамға барады

AstanaTV
19.08.2023ж. 13:31
929
Тоқаев ресми сапармен Вьетнамға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасының президенті Во Ван Тхыонгтың шақыруымен 20-22 тамыз күндері Ханойға ресми сапармен барады, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Вьетнам елінің басшылығымен келіссөздер барысында екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын дамыту перспективалары талқыланады.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өнеркәсіп нысанын аралап көріп, Вьетнамның ірі бизнес өкілдерімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.