Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Актриса Индира Еділбаева сырғалым атанды

AstanaTV
19.08.2023ж. 11:41
1245
Актриса Индира Еділбаева сырғалым атанды

Қазақстандық актриса Индира Еділбаева сырға салу рәсімінің қалай өткенін көрсетті. Өнер иесі тойға қызу дайындық үстінде, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өміріндегі елеулі оқиға жайлы актриса Instagram парақшасында айтып берді. "Әр үйге осындай бақыт тілеймін", - деп жазды Индира Еділбаева.

Осыған дейін Индира Еділбаева мен сүйгені заңды түрде некесін қидырып, қыркүйек айында той жасайтынын мәлімдеген болатын. Желі қолданушыларымен қатар танымал жұлдыздар Назима, Салтанат Бақаева, Гүлназ Жоланова да актрисаны жарыса құттықтап, ақ тілегін білдірді. "Бақытты бол", "Жарасымды жұп", "Ерке шоу-бизнестегі қыздардың жолын ашты", "Нәзік, әдемісіз", - деп жазды актрисаның оқырмандары.