Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

2024 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері қанша болады?

21.08.2023ж. 20:00
1493
2024 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері қанша болады?

2024 жылы ең төменгі жалақы 70 мың теңге болады. Ал ең төменгі зейнетақы мөлшері 57 мың 853 теңге. Қаржы министрлігі «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын ашық талқыға шығарды. Сондай-ақ, айлық есептік көрсеткіш мөлшері де белгіленді. Құжат 4 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауда болады. 

2024 жылғы ең төменгі жалақы, зейнетақы және АЭК мөлшері

Ең төменгі жалақы 70 мың теңге

Ең төменгі зейнетақы 57 мың 853 теңге

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 28 мың 215 теңге

Айлық есептік көрсеткіш 3 мың 692 теңге

Ең төменгі күнкөріс деңгейі 43 мың 407 теңге