Ақмола облысының тұрғынын өндіріс орнында ток соқты.
Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға Степногор қаласында болған. Бұл туралы жергілікті Полиция басқармасына қалалық аурухананың қабылдау бөлімінен хабарлап айтқан.
Ток соққан ер адам «қол-аяғының электрлік күйігі» диагнозымен ауруханаға жеткізілді
«Анықталғандай, ер адам қаладағы кәсіпорындардың бірінде электрик болып жұмыс істеген. Өндіріс орнында трансформаторды жөндеу кезінде ток соққан. Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабы 1-бөлігі бойынша («Еңбекті қорғау заңнамасының бұзылуы») сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалып, мемлекеттік еңбек инспекторы тексеріп жатыр», - деді ведомстводан.