$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Елде жүргізілген конституциялық реформа қоғамдағы демократияны одан әрі нығайтуға бағытталған", - сарапшы

25.08.2023ж. 20:00
891
"Елде жүргізілген конституциялық реформа қоғамдағы демократияны одан әрі нығайтуға бағытталған", - сарапшы

Биыл Ата Заңымыздың қабылданғанына - 28 жыл. Мереке қарсаңында Елордада "Адал азамат - Ата Заңның тірегі" атты конференция өтті. Дөңгелек үстелде конституциялық заңнаманың әртүрлі аспектілері, елдің құқықтық және саяси жүйесін қалыптастыру, азаматтардың әлеуметтік құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі рөлі сөз болды.

Сарапшылар конституциялық реформаны жүзеге асыру процесінде Қазақстанның алдында тұрған күрделі мәселелер мен сын-қатерлерді, заң талаптарын орындау талаптарын талқылады. Елімізде алғаш рет Референдум өтіп, Конституция өзгеріс енгізілді. Барлығы да адамның құқығын қорғауға бағытталған.

Марат БАШИМОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мен ойлап тұрмын жеке басым, халық күтіп отыр да, өзгерістерді күтіп отыр. Осы заңдардың қандай пайдалары болады деп. Қандай ертең нәтижесін көреміз деген. Сол позитивті көзқарас болғаннан кейін, өзім соған сенем. Осындай реформаларымыз өзіміздің халқымызға, қоғамға жұмыс істейді. Болашақ балаларымызға жұмыс істейді.

Сарапшылардың сөзінше елде жүргізілген конституциялық реформалар қоғамдағы демократияны одан әрі нығайту, Парламенттің рөлін күшейту, Үкіметтің дербестігін арттыру жөніндегі негізгі қоғамдық сұраныстарды ескереді. Форумды ұйымдастырушылар мен қонақтар халық арасында конституциялық реформаның мәні мен оның нәтижелерін түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажеттігін атап өтті.

Тілеген САДЫҚОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

Кез-келген егеменді ел үшін, әлеммен төрт құбыласы тең мемлекет үшін конституция деген басты құжат. Өйткені конституция біздің ішкі нормативтік заңдылық негізін айқындайтын басты құжат. Басты шешім. Екіншіден, конституция арқылы біз әлемдік деңгейдегі шында тәуелсіз өзіміздің еркіндігіміз барын дәлелдейтін құжат.

Конференция қорытындысы бойынша конституциялық заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленетін болады.