$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Жол картасындағы іс-шаралардың уақытында әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету керек", - М.Оспанов

25.08.2023ж. 20:00
667
"Жол картасындағы іс-шаралардың уақытында әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету керек", - М.Оспанов

"AMANAT" партиясы Ақмола облыстық филиалының есеп беру-сайлау конференциясына 38 мың партия мүшесінің атынан 135 делегат қатысты. Онда саяси кеңес мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Айнагүл Балташева өткен екі жыл ішінде «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды айтты. 26,6 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылған, 5 мектеп және 2 қосымша ғимарат, 28 мектепке дейінгі ұйым пайдалануға берілген. Сондай-ақ, 1,2 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй салынып, 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 7 хоккей корты және 54 жаңа спорт алаңы мен 6 мәдениет нысаны салынды. Конференция барасында Саяси кеңестер қатары 67 пайызға жаңарып, жастардың үлесі 21%, әйелдердің үлесі 46% құрады. Жиында делегаттар 2 қалалық және 17 облыстық филиалдың саяси кеңестерінің жаңа құрамын бекітті, оған 555 адам кірді. Партияның орталық аппарат жетекшісі Мәди Оспанов фракция жұмысын жетілдіру, партиялық жобаларды жандандыру мен Жол картасындағы іс шаралардың уақытында әрі сапалы орындалуын қаматамасыз ету керек деді.

Мәди ОСПАНОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бұл есеп беру-сайлау шарасы - партияны қайта құру бойынша жүйелі жұмыстың жалғасы. Өздеріңіз білетіндей, біз, "AMANAT" партиясы, жұмысымызды қайта құрылымдап, процесті қайта бастадық. Бұл әр деңгейдегі құрылымдар үшін жалпыға ортақ бағдарлама.