Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Көкшетауда балабақша меңгерушісі 3 миллион теңгеден аса қаржы жымқырған

AstanaTV
26.08.2023ж. 17:00
1356
Көкшетауда балабақша меңгерушісі 3 миллион теңгеден аса қаржы жымқырған

Көкшетауда балабақшалардың бірінің меңгерушісі жалған түрде жұмысқа орналастырылған қызметкерлерге балабақшаның ақшасын аударып отырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақмола облысының прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл қаржы балабақшаның қажеттілігі үшін қарастырылған, алайда лауазымды тұлға жоспар құрып, ай сайын жалған жұмысшылардың банк шоттарына ақшалай қаржы аударып отырған.

Кейіннен банк шоттарының иелері түскен қаржы соммаларын қолма-қол ақшаға айналдырып, лауазымды тұлғаға берген. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 3 миллион теңгеден асты.

Заңбұзушылық бойынша прокуратура ҚР Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады.

Бұл баптың санкциясына сәйкес мүлікті тәркiлеу, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру, жымқырылған мүліктің оннан жиырма есеге дейінгі мөлшерінде айыппұл салу, не екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделеді.