Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Керемет, жылап алдым". Әкесіне күтпеген тосынсый жасағандар желіні сүйсінтті

AstanaTV
26.08.2023ж. 22:48
2454
"Керемет, жылап алдым". Әкесіне күтпеген тосынсый жасағандар желіні сүйсінтті

Әлеуметтік желіде 60 жылдық мерейтойдың ерекше видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрлардан балалары әкесінің 60 жасын дүркіретіп өткізгені көрінеді.

"Әкемізге "құдағидың 40 жас тойы" деп алдап шақырып, тосынсый той жасадық. Жан-жағына қарап түсінбей қалды", - дейді видеоны жариялаған желі қолданушысы.

Желі қолданушылары жантебірентер көрініске жылы лебіздерін жазған.

"Қандай керемет", "Әкеңізге барлық жақсылықты тілеймін", "Керемет жылап алдым", "Таңғалып қалды", "Бақытты болсын", - деп жазды олар.

Кейінірек бақытты әкеге балалары Түркия еліне жолдама сыйлаған.