Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Аңызға айналған қос ойыншы: Джокович Мессимен бірге түскен суретін жариялады

AstanaTV
26.08.2023ж. 23:07
2073
Аңызға айналған қос ойыншы: Джокович Мессимен бірге түскен суретін жариялады

Сербиялық теннисші, әлемнің екінші ракеткасы Новак Джокович Instagram парақшасында әлем футболының жұлдызы аргентиналық Лионель Мессимен бірге түскен суретін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Үлкен дулыға" турнирінің 23 дүркін жеңімпазы болған дүниежүзінің екінші ракеткасы мен "Алтын допқа" 7 рет ие болған әлемдік деңгейдегі футболшы Нью-Йорктегі мейрамханалардың бірінде кездесті.

Теннисші жариялаған жазбасының сипаттамасында испан тілінде пікір қалдырды.

"Сенімен бір кездесіп, сөйлескеніме өте қуаныштымын. Әдеттегідей өзің мен отбасыңа сәттілік және денсаулық тілеймін", — деп жазды Джокович Instagram парақшасындағы жазбасында.