«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы ақсақалдармен және партия ардагерлерімен кездесті. Әңгімелесу барысында Қазақстанның мәдени және рухани өміріндегі Маңғыстау облысының алар орны, сондай-ақ зейнеткерлерді толғандырған өзекті мәселелер талқыланды. Дәулет Кәрібек аталған санаттағы азаматтарға қолдау көрсетудің маңызын атап өтіп, партияның бұл бағытта жүйелі жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. Ардагерлер де мемлекет пен партияға әрдайым қолдау білдіретіндерін айтты.
Есберген ІҢІРБАЙ, ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ, ПАРТИЯ АРДАГЕРІ:
Партияның ардагерлер кеңесін құрайық. Әртүрлі саяси қоғамдық шаралардың барлығына белсенді түрде қатысып, осы жерде отырған көптеген азаматтарымыз бар, мінекей. Қатысып келе жатыр, сайлауларды өткізуге де, мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда да біздер әлде де болса күш-қуатымызды, білімімізді осы партияның жүзеге асыруға ат салысады деп ойлаймын.
Сондай-ақ, партияның Маңғыстау облыстық филиалының 39-шы конференциясы өтті. Соңғы екі жылда атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы жоспар бекітілді. Делегаттар партияның 6 қалалық және аудандық филиалдарындағы Саяси кеңестердің жаңа құрамын бекітті. Партияның Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Нұрбек Қарасаев өңірдегі партиялық жобалардың жүзеге асырылу барысына тоқталды.
Нұрбек ҚАРАСАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
«Жер аманаты», «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам» жобаларын ерекше атап өткім келеді. Өткен жылда облыстық прокуратура тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, партия тарапынан 365 мың гектар жерді мемлекетке қайтаруға мүмкіндік жасады. Осы жылы жоспарланып отырған 300 мың гектар бойынша да жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнге 150 мың гектар жер қайтарылды.