Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Астана медицина университетінің жатақханасында қандала, тарақан өріп жүр

AstanaTV
29.08.2023ж. 11:33
3656
Астана медицина университетінің жатақханасында қандала, тарақан өріп жүр

Астана медицина университетінің студенттері шағымданды,-деп хабарлайды ASTANA.TV


Олардың айтуынша, оқу орнының жатақханасында мүлдем жағдай жоқ. Бөлмелер тар, 3 адам жататын бөлмеге 4 адамды орналастырған.


Жиһаздар ескі. Бір ғана үстел, бір шкаф қана қойылған. "Бұл төрт адамға қалай жетеді?",-дейді студенттер.



Тағы бір қызығы, ұлдар мен қыздарды бөліп жатқызбайды. Барлығы араласып жатыр. 

Айтуларынша, қандала, тарақан өріп жүр. Бөлмені қанша уласа да нәтиже жоқ. 


 "Бұл мәселеге құзырлылар назар аударса" дейді. Бірақ, мұны жариялаған студенттерді  қудалап, оқу орнының басшылығы қысым көрсетіп жатқан көрінеді.