$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Атырауда заңсыз жекелендірілген немесе пайдаланылмай жатқан 131 жер учаскесі қайтарылды

29.08.2023ж. 20:00
758
Атырауда заңсыз жекелендірілген немесе пайдаланылмай жатқан 131 жер учаскесі қайтарылды

Атырауда биыл 7 айда заңсыз жекелендірілген немесе пайдаланылмай жатқан 61 мың гектар 131 жер учаскесі қайтарылды. «AMANAT» партиясының «Жер аманаты» жобасы аясында былтыр 200 мың гектар аумақ мемлекет меншігіне өткен еді. Ал «Ауыл аманаты» партиялық жобасы бойынша 188 жобаны несиелендіру басталды. Бұл туралы партия филиалының ХХХІХ есеп беру-сайлау конференциясында айтылды. Бүгінде аманаттықтар партия филиалының 5 жылдық жол картасын негізге алып жұмыс істеп жатыр. Онда сайлаушылардың ұсыныс-пікілері жинақталып, 93 іс-шараға топтастырылған. Филиал хатшысы партияластарына оның орындалуын жіктеп айтып берді.

Абдолла ИДРЕСОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Халықтың облыста өзекті мәселелердің бірі - жұмыссыздық мәселесі, экология мәселесі, апатты үйлер, апатты мектептер. Ең өзекті мәселелердің көбі - Жылыой, Мақат аудандарында. Партиямыздың алға қойған міндеттері әлі көп. Атқарылмаған жұмыстарымыз да көп. Осы мақсатта жұмыстарымызды жүргізетін боламыз.

 Жиында бастауыш партия ұйымдары атынан сөз алғандар студенттерді мамандығы бойынша тәжірибеден өткізу, оқу орындарында өндірістегі қауіпсіздік пәнін енгіу, инфрақұрылымды жаңарту, мектептерге ер мұғалімдерді тарту медицина мамандығы тапшылығын шешу мәселесін көтерді. Ал Исатай ауданы Хамит Ерғалиев ауылындағы кездесуде «Ауыл аманаты» бағдарламасының маңызы айтылды. Бүгінде ауыл халқының орташа жалақысы -58 мың теңге. Партиялық жоба арқылы ауылдықтардың табысын көтеру мүмкіндігі зор. Халық кепіл қою талабын жеңілдетуді сұрайды.

 Бекболат МУСИН, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Әрине керек бұл бағдарлама, ауылды көтермейінше мемлекеттің экономикасы қалыптаспайды. Экономикасы қалыптаспаған мемелкеттің болашағы болмайды. Әлі де болса зерттеп, зерделеу керек деп ойлаймын. 2,5 пайызбен мына жерде қоятын үйім жоқ. Саман үй, стандарты бармайды. Ол кісі залогқа не қояды?

Эльдар ЖҰМАҒАЗИЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы жақсы, рахметін айтып жатыр. Бірақ көңілі толмайтыны халықтың табыс мәселесі. Соған байланысты «Ауыл аманаты» бойынша түсініктер бердік. Оны қалай ұйымдастыру керек, қалай еткенде халықтың табысы көтеріледі. Оған байланысты қосымша сұрап тұрғаны малдың терісінің өтуі, оның бәрі табыс мәселесіне байланысты.