$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Конституция демократиялық принциптерге сай жасақталды", - сарапшы

31.08.2023ж. 20:00
897
"Конституция демократиялық принциптерге сай жасақталды", - сарапшы

Конституция демократиялық принциптерге сай жасақталды. Жалпы ұлттық референдумнан кейін үштен бір бөлігі өзгерген Ата Заңға сарапшылар осындай баға берді. Енді экономика монополиядан алыстап, заң адамдар үшін жұмыс істейді дейді. Сарапшыларды пікірін әріптесім Ақбота Базарбай тыңдады.

Адам құқығы тең. Қоғамда да әділеттілік орнау үшін реформа жасалды. Оған тек бір жаңадан бас, бір жеңнен қол шығарғанда" ғана жетуге болады. Мәжіліс депутаты Марат Башимов

бюрократияны түпкілікті жою үшін бірлесе жұмылу қажеттігін айтады.

Марат БАШИМОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Әділеттік, теңдікке тырмыстық қой, иә. Президент айтқан " әділет, теңдік, кісінің бостандығы, адамның құқықтарын қорғау" Конституцияның үстемдігіндегі бірінші орынға қойылған. Бізде бірақ қана мақсат бар қазір Парламентте. Жаңа заңдарды қабылдап, көптеген заңдарды, олигархтарды қорғайтын заңдар болған еңбек кодексінде барлық жерде қарапайым азаматтарға қарсы шығып, біз оны ана конституцияға сәйкес келтіру керекпіз.

Конституцияның күшімен елдің экономикасынан монополияны алып тастау керек. Сонда орта және кіші бизнес дамып, еліміздің жаңа экономикалық моделі қалыптасады. Мәжілісмен Ерлан Саиров осылай дейді.

Ерлан САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Конституцияның еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызы өте зор. Бүгінгі таңда біздің еліміздегі саяси жүйе халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын түзетуге және ең негізгісі біздің еліміздің нығайып, мемлекетіміздің ары қарай нақты және жан-жақты дамуына алғышарт жасап отыр.

Заң баршаға ортақ. Тәртіпке бағыну бәрінің парызы, міндеті.