Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

«AMANAT» партиясының БҚОФ екі жылда атқарған жұмыстарын қорытындылады

31.08.2023ж. 20:00
446
«AMANAT» партиясының БҚОФ екі жылда атқарған жұмыстарын қорытындылады

«AMANAT» партиясының Батыс Қазақстан облысындағы филиалы екі жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы жоспарды бекітті. Сонымен қатар, аудандардағы Саяси кеңестердің жаңа құрамын сайлап, кеңес құрамын 50% жаңартты. Жаңарған кеңесте жастар мен қыз-келіншектердің үлесі басым. Партияның облыстық филиал төрағасы Мұрат Мұқаев партиялық жобалардың сәтті жүзеге асырылғанын баяндады. Бұл бастамада 12 мыңнан астам адам қамтылып, тұрмысы төмен отбасыларға да көлемді көмек көрсетілген.

Мұрат МҰҚАЕВ, БҚО МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ БҚОФ ТӨРАҒАСЫ:

 Өткен екі жыл ішінде сайлауалды бағдарламасы келесі нәтижелерге қол жеткіздік: 1,5 мың оқушыға арналған 5 мектеп және 1 мектепке қосымша ғимарат салынды, 54 мектепке дейінгі ұйым пайдалануға берілді, 4 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жүргізілген болса, «Жер Аманаты» өңірлік комиссиясының көмегімен 168 мың гектар жер қайтарылды.

 Есеп беру-сайлау конференциясына қатысқан «AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев Тасқала ауданының тұрғындарымен де кездесті. Онда ауылдықтарды толғандырған әлеуметтік мәселелер көтерілді. Бұл ретте ауылдағы ағайынның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған "Ауыл аманаты" және "Қарызсыз қоғам" партиялық жобаларының орны бөлек. Өйткені елімізде 1,5 млн адам несиесін төлемеген. Сондықтан олардың қаржылық сауатын арттыру аса маңызды. Партия жобасы бойынша енді жастар да қамтылып, оқу орындарында арнайы пән ашылады.

  Эльдар ЖҰМАҒАЗИЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

 Қазір "Қарызсыз қоғам" дейтін жобаны партия бастап кетті. Қазір 35 мың адамды оқытып шығардық. Тек оқытқан жоқпыз, не болғанда да банктермен, қаржы ұйымдарымен сөйлесіп, бережақ деңгейін түсіріп, пайыздық мөлшерін азайтып, айлық төлемдерін азайтуға қазір көмек көрсетіп жатырмыз. Келесі жылдан бастап, бұл жоба қолдаушыларымыздың арқасында барлық өңірде жүзеге асуы керек.