Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Баласын ұрып-соққан алматылық әйелдің ісі сотқа жетті

AstanaTV
03.11.2016ж. 20:00
2994
Баласын ұрып-соққан алматылық әйелдің ісі сотқа жетті

Алматыда ұзақ уақыттан бері өзінің туған қызына жәбір көрсетіп келді деп айыпталған әйелдің ісі сотқа түсті. Бүгін 27 жастағы Әсел Төре сот алдында жауап бере бастады. Алдына ала тергеудің қорытындысы бойынша, жас ана қызын бір жыл бойы соққыға жығып келген. Бұл туралы құқық қорғау органдарына оның көршілері шағымданған соң, іс қозғалған.

Қазір 9 жасар қыз туыстарының қарауына берілген. Енді күдікті Әсел Төре ата-аналық құқығынан айырылуы мүмкін. Бүгін қорғаушының келмеуіне байланысты, сот отырысы 8 қарашаға белгіленді. Ал сот процесіне куәгер ретінде қатысып жатқан көршілері, балаға деген аяушылық сезімдерін жасыра алмады.

Андрей Захорополо, Ә.Төренің көршісі:

Біз бұл әйелдің қызын ұратынына ылғи куә болатынбыз. Тіпті түнгі мезгілде де баланы шырқыратып сабап жатады. Айқай-шу, былапыт сөздер естиміз. Үйіміз ескі, қабырғаларымыз жұқа болғандықтан, бәрін еститінбіз. Ол ылғи қызын бетінен ұрады. Жүзінде мұң мен түрлі көгерген дақтарды көріп жүрген соң, полицияға хабар бердік.