Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Өндірістік қауіпсіздік инспекторлары «Қазақмыстан» техникалық қауіпсіздікті күшейтуді талап етті

AstanaTV
03.11.2016ж. 20:00
3179
Өндірістік қауіпсіздік инспекторлары «Қазақмыстан» техникалық қауіпсіздікті күшейтуді талап етті

«Қазақмыста» болған қайғылы оқиғаға қатысты қызметтік тексеріс әлі аяқталған жоқ. Жұмысшы өліміне қатысты арнайы комиссия істі әлі анықтап жатыр. Бұл туралы арнамызға аталған компания жазбаша жауап қатты.

30 қазанда болған оқыс оқиға кезінде «Қарағандытүстімет» өндірістік бірлестігінің «Нұрқазған» кенішінде 37 жастағы конвейер машинисті қаза тапқан болатын. Марқұм магистральді конвейерді іске қосу кезінде жарақат алды,- деп жазады компанияның баспасөз қызметі. Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті өкілдері, мұндай келеңсіздіктердің техникалық қауіпсіздікке немқұрайлы қараудан туатынын айтып отыр.

Кеңгірбай Есенеев, ҚР ИДМ комитеті облыстық департамент басшысының орынбасары:

Бұл қайғылы оқиғалар көбінесе өндірістегі қадағалаудың нашарлығынан болады. Кен қазу кезінде тас кесектері құлайды, көліктердің қатысуымен орын алады. Қазба жұмыстарын жүргізбес бұрын, сол жер, забой қауіпсіздендірілуі тиіс. Кешенді техникалық қауіпсіздік кестесіне сай алдын ала дайындалуы керек.