"Өз өнімімізді сатып алуға деген құштарлық пен патриотизм болу керек". Сенат депутаты Айгүл Қапбарова осылай дейді. Депутат ішкі нарықты қорғау шараларының маңызды екенін айтады. Ішкі сұранысты өзіміз толық қамтамасыз ете алатындай деңгейге көтерілуіміз керек дейді. Бұл тұрғыда ол Мемлекет басшысы өз жолдауында айтқан "офтейк" келісімшарты ұтымды шешім екенін айтады. Сөзінше, отандық өндіріс нарықта мемлекет тарапынан қолдау тауып, дүкен сөрелерінде алдыңғы қатарда тұруы керек.
Айгүл КАПБАРОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Өнімді өндірушілерден сатып алу келісімшартын ілгерлетуіміз керек. Яғни, ол офтейкерлер, яғни, сатып алушылар, өнімді өндірушілер бірнеше жылға, маусымға өнім өндірушілермен келісімшартқа тұрады да, сол келісімшартта оның жауапкершілігі көрсетіледі. Белгілі бір тауар нүктелеріне келіп өзінің өндірген тауарын сату үшін біздің отандық өндірушілер оларға мемлекет тарапынан қандай да бір көмек көрсетілуі керек.