Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қазақстан азаматтары үшін Еуропаға визасыз бару мәселесі талқыланып жатыр

AstanaTV
04.09.2023ж. 17:45
563
Қазақстан азаматтары үшін Еуропаға визасыз бару мәселесі талқыланып жатыр

Еуропалық депутаттар Қазақстан азаматтарына визалық рижімді жеңілдету бағытында консультацияны бастау туралы ұсынысты пысықтауы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматттарының шет елдерге, соның ішінде Еуропа одағы елдеріне бару үшін визалық режимді жеңілдету бойынша тиісті жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырып келеді. 2023 жылғы 21-23 тамызда Қазақстанға Еуропалық парламенттің (ЕП) Сыртқы істер бойынша комитетінің төрағасы Дэвид Макаллистер бастаған бір топ депутаттар делегациясының іссапары өткені мәлім. Аталған сапар барысында еуропалық депутаттар мен Қазақстанның бірқатар мемлекеттік органы, соның ішінде Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілдері арасында келіссөздер болды», - делінген министрліктің «ҚазАқпарат» агенттігіне берген жауабында.

Аталған жиында Қазақстан жағы еліміздің азаматтары үшін оңтайландырылған визалық тәртіп енгізу бойынша ресми консультацияларды бастаудың маңыздылығын атап өтіп, бұл үдеріс Қазақстанның Еуропа одағымен жақындасуына ықпал ететінін жеткізді.

«Консультациялардың нәтижесінде еуропалық депутаттар Қазақстан мен ЕО мемлекеттері азаматтарының өзара сапарлардың артуына алып келеді деген пікірмен келісті. Өз кезегінде, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмысты жалғастырады», - деп аталып өткен ведомство ақпаратынды.