$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматыда заңсыз салынған ғимараттарды сүру жалғасып жатыр

AstanaTV
04.11.2016ж. 20:00
2819
Алматыда заңсыз салынған ғимараттарды сүру жалғасып жатыр

Бүгін Алматыда жаңадан салынып жатқан мейрамхана сүрілді. Аумағы 2 мың шаршы метр болатын құрылысты бастауға Алматы облысының құзырлы органдары рұқсат берген. Алайда екі жыл бұрын бұл жер Алматы қаласының иелігіне өткен. Әкімдік мамандары қауіпті аумақ деп танып, қоғамдық нысандар тұрғызуға тыйым салды. Енді соттың шешімімен бұл жер телімі мемлекет меншігіне өтті.

Біржан Қожаниязов, Алматы қаласы мемлекеттік сәулет және құрылысты бақылау департаментінің аға маманы:

2016 жылғы 8 тамыздағы Алматы қалалық ауданаралық экономикалық соттың шешімімен заңсыз салынған нысан бұзылуға жатады. Себебі бұл нысанда рұқсат қағаздары жоқ және су қорғау аймағына салынған.

Жартылай салынған құрылыс нысанына кәсіпкер бір миллион теңгеден астам қаражат жұмсаған. Оған сот шешімімен тағы да 850 мың теңге айыппұл салыныпты.

Манас Ақшораев, кәсіпкер:

Судың, теңіздің жағасында тұрсаң да, суды ысырап қылма деген. Мынаған қанша ақша құйылды. Енді бұзайын деп жатыр. Қауіпті болса, осы судың жоғарысында неше түрлі ресторандар тұр ғой. Бұзбай ма соларды да?!