$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Т.Жаманқұлов «Феникс» фильмін шығаруға бөлінген бюджет қаражатын жымқырғанын мойындады

AstanaTV
04.11.2016ж. 20:00
2717
Т.Жаманқұлов «Феникс» фильмін шығаруға бөлінген бюджет қаражатын жымқырғанын мойындады

69 миллион теңгені қалтасына басты деп айыпталған актер Тұңғышбай Жаманқұлов кінәсін мойындады. Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының баспасөз қызметі хабарлама таратты. Актер өз кінәсі үшін өкінетінін айтқан. Тұңғышбай Жаманқұлов келтірілген шығынды өтеуге міндеттеліпті.

Ұлттық бюро таратқан мәліметке сүйенсек, ол жымқырған бюджет қаражатын өзінің жеке мұқтажына жұмсағанын растаған. Қолды болған 69 миллион теңгенің жартысы қайтарылған. Қамауға алынған актер кінәсін мойнына алғаны үшін, қылмыстық жауапкершіліктен босатуын сұрап, кепілмен бостандыққа жіберу туралы өтініш түсірген. Шығынның бір бөлігі қайтарылғаны мен тұлғалық беделі мен жасы ескеріліп, ол кепілмен босатылды. Ал Тұңғышбай Жаманқұлов пен оның екі сыйбайласы деп танылған Юдина мен Исакованы қылмыстық жауаптан босату тек келтірілген шығын толық қайтарылғанда ғана қаралады, - деп жазылған хабарламада.

Айбек ҚОСАН