Негізгі / Жаңалықтар / Қарағандылық оқушылар күзгі демалыста орта мамандықтардың қыр-сырын меңгеруде

Қарағандылық оқушылар күзгі демалыста орта мамандықтардың қыр-сырын меңгеруде

Бүгін қарағандылық оқушылар жиһаз құрастыру, аспаздық өнер және дизайнер болып жұмыс істеп көрді. Оқушыларға аймақтағы 58 колледж кәсіптік бағдар беруде. Оқытушы-шеберлер оларды 70-тен аса мамандықтың қыр-сырымен таныстырды. Жоба 7,8 және 9 сынып оқушыларына арналған. Ол жылына 3 рет, яғни күзде, қыста, көктемде болатын оқушылардың демалысында жүзеге асырылмақ. Осы аралықта жасөспірімдер сүйікті мамандығына таңдау жасап үлгерсе, колледже білімін жетілдіре алады. Мамандардың айтуынша, қазіргі жастар арасында қолданбалы өнер, арт-дизайн, IT технология, жиһаз өндірісіне қызығушылығы жоғары.

Ақерке Бимақанова, Қарағанды қаласының №8 орта мектеп оқушысы:

Қолөнер маған өте ұнаған. Болашақта үлкен жетістікке жетеді деп ойлаймын. Бұл мамандыққа сұраныс өте жоғары. Болашақта мен жақсы мамандық таңдауға көмектеседі деп ойлаймын.