Әлемде жыл сайын 5 миллион адам телефонның кесірінен көз жұмады. Бұл- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жариялаған мәліметі. Ғалымдар осылай жалғаса берсе, өлім-жітім бұдан да көп болуы мүмкін дейді. Бірақ, смартфонды түкке пайдасыз құрал деп те айта алмаймыз. Өйткені, осы құрылғы арқылы ғалам жұртының 90 пайызы төлем жасап, 60 проценті жұмыс істейді. Сонымен телефонның пайдасы көп пе, әлде зияны ма? Әріптестерім тартысты талдау жасаған екен. Көрейік.
- Менің таңым осылай атады. Күнделікті ұйқыға кешкі 10-да жатып, таңертең сергек оянамын.
- Ал, мен таңертең ұйқыдан дәл осылай оянамын.
- Иә, мен де смартфонға үңілмесем ұйқым келмейді. Телефонды бір сағат қарамасам бар қызықтан қалып кеткендей боламын.
- Ару, бүгінге қандай тақырып ұсынсам болады? – Таңертеңнен бері сол телефон шұқылап отырсың ғой, бірнарсе таппадың ба содан? Ең болмағанда сол телефонның зияны туралы шығарсай. – Ұрысып тастағаны қалай кетті? Телефонның зияны жоқ қой. Пайдалы ғой ол.
Смартфонның адам денсаулығына қаншалықты қатер төндіретін түсіндіре алмай-ақ қойдым. Жан-жағыңа қарасаң телефонға телмірген жан көп.
Елімізде 14 миллионға жуық адам әлеуметтік желіде отырады. Оның 11 миллионнан астамы Инстаграм желісін пайдаланса, 7 миллион халық – тик-токта отырады. Тағы 2 миллионнан астамы фейзбукте уақытын өткізеді.
БЛИЦ-ОПРОС:
- Құтақандай 1 жасар шөберем телефон қарап отырады. Өзіңіз ойлаңыз, телефонда отырғасын өмірде не болып жатыр, табиғатта не болып жатыр, адамзаттың өмірінде не болып жатыр вообще ештеңе білмейді ғой.
- Көздерін құртады да, далаға шығуға желаниесі болмайды да. Соның кесірінен д3 витамині жетпейді.
- Мен былайша 3 сағат отырамын. Телефоннан кейін көзім ауырады.
- мен 24 сағаттың 8-10 сағатын телефонда өткіземін. Шұқылағаннан кейін бастың ауырғанын және көздің аздап ауырғанын сеземін.
Мен Аружанның ойымен келіспеймін. Қазір электронды жүйеге деген сұраныс жоғары. Демек, телефонды пайдасыз деп кесіп айту орынсыз. Қазақстандықтардың 90 проценті төлемді смартфон арқылы жасайды. Тіпті, жылжымайтын мүлік пен көлікті де онлайн рәсімдейді. Қызмет көрсететін орындарға барып, табалдырықты тоздырмайды. Қысқасы, бәрі оңай шешіледі.
БЛИЦ-ОПРОС:
- Телефонсыз өмір сүру мүмкін емес. Өйткені барлық нәрсе осы телефонның ішінде. Бүкіл керек нәрсенің барлығы.
- Мен айта аламын, телефонмен көп ақша табуға болады. Бұл арқылы интернет-магазин ашып алуға да болады.
- Өмірді жеңіңлдетіп жатыр ғой көп адамдардың, Автобусқа кіргенде төлейсің. Былай телефон жақсы. Тек қолайлы, жақсы жағынан пайдалана алсаң.
Пайдасы көп деп, зиянын ысырып тастауға болмайды. Смартфонның кесірінен қанша адам ажал құшып, ауруға шалдықты. Телефонға телміріп, темір тұлпардың астына түсті.
Жұрттың 40 проценті күніне 8-12 сағат желіде отырады. 30 пайызы 5-6 сағатын арнайды, қалған 30 проценті – 2-3 сағат қолданады. Бұл адам денсаулығына орасан қауіп төндіреді - дейді дәрігерлер.
Жәнел ІЛИЯС, ДӘРІГЕР:
Смартфондар мен телефондар электромагниттік толқындар шығарады. Жүйке жүйесі, иммундық, эндокриндік және жыныстық жүйелер электромагниттік өріске сезімтал келеді және ұзақ уақытқа жалғасса, неше түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Адам ауруға шалдығым, өмірі қысқарып, тіпті, өліп кетуі де мүмкін.
Зиян деп смартфоннан бас тарта алмаймыз. Өйткені, қанша адам осы құрылғы арқылы жан бағып жүр. Телефон арқылы табысқа кенелетіндердің саны күннен-күнге артып жатыр. Оған -жаңа мамандықтардың пайда болуы дәлел.
Мысалы, Смм-маманы, коперайтер-таргетолог, мобилографтарға сұраныс жоғары. Телефон арқылы кәсібін дөңгелетін жүргендер бар. Оларды сауда менеджері деп атайды. Кез-келген сауалыңызға онлайн жауап беретін колл-оператордың да саны көбеюде.
Бекжігіт СЕРІКБАЙ, SMM-МОБИЛОГРАФ:
Телефонның пайдасы мен үшін көп. Жұрт таңнан кешке дейін офиста отырып 200 мың тауып жүрсе, мен смартфон арқылы кемінде 600 мың табамын. Жұмысым өте оңай, өзіме ұнайды. Телефон арқылы отбасымды асырап жүрмін.
- Ару, жұмысқа бола сыйластығымызға сызат түсірмей-ақ қояйық. Иә, негізі бәрібір телефонды қоғамнан ажыратып алып тастай алмаймыз ғой. Оның да өз пайдасы бар. Мойындаймын. – Иә, дұрыс. Енді телефонды барлығымыз білеміз зиян екенін. Сол үшін артық кеткен жерім болса кешір.