$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Нұрмұхамед Байғараев ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды

06.09.2023ж. 20:00
869
Нұрмұхамед Байғараев ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы болып Нұрмұхамед Байғараев тағайындалды. Нұрмұхамед Исманұлы «Болашақ» бағдарламасы арқылы Ұлыбританияның Ланкастер университетінде білім алған. Бірқатар баспасөз және электронды бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеген. Биыл ақпан айынан бері ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары қызметін атқарды.