$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылордалық азамат суды үнемденудің тың тәсілін ойлап тапты

Қызылордалық азамат суды үнемденудің тың тәсілін ойлап тапты

Ал қызылордалық азамат суды үнемденудің тың тәсілін ойлап тапты. Ол қазір көп кәдеге асыра бермейтін қойдың жүніне картоп егіп отыр. Айтуынша, мұндай тәсілдің суды үнемдеуге ғана емес, жерді құнарландыруға да пайдасы мол. Есігінің алдын жасыл желекке айналдырған бағбанмен тілшіміз тілдесті.

Талғат Лекеров бұрын ауыл сыртынан шағын жер телімін алып, егін егетін. Бірақ соңғы жылдары су тапшылығы тіршілігіне тұсау болыпты. Сондықтан ауласына қияр, қызанақ, картоп, сәбіз егуді қолға алған. Бірақ жері құнарсыз болған. Сондықтан картопты қойдың жүніне орап егуді қолға алыпты. Үстіне сабан шөп, содан соң барып топырақ жабамын дейді.

Талғат ЛЕКЕРОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Жердің құнарлылығы осы жүн, малдың көңі, жаңағы сабан, әйтеуір қолда бар. Сатып алатын дүние емес қой. Мен базардан ешнәрсе сатып алып жатқан жоқпын. Биогомс дейді, жидкий дейді. Ондай әртүрлі химикаттар бар қазір. Сол химикаттан қанқаннан егіп отырмыз ғой. Базардан алмайық, ыңғайы келсе балаларымыз таза жесін.

Биыл бұл әдіспен сәбіз, жүзім де егіпті. Содан бері бау-бақшаны көп суармаймыз дейді. Себебі жүн мен сабан ылғалды ұзақ сақтауға көмектеседі екен. Мұндай тың тәсілдерді Талғат енді балаларына да үйретіп жатыр.

Талант АЯПБЕРГЕН, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Папаға үнемі қолғабыс боламын, көмектесіп жүремін. Шөп жұлуды, суаруды, қалай егу керек, қалай тозаңдандыру керек және барлығын үйреніп алдық. Еңбек еткеннен адам жаман болмайды.

Талғат бақшасына маракуйя да егіпті. Алғашқы жыл болғандықтан әзірге жеміс бермеген. Бірақ цитрустық өсімдіктіктен мол өнім алуға үмітті. Оның мұндай еңбекқорлығы ауылдастыран да үлгі.

Ақмарал ЫРСАЛДИЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Өте еңбекқор, бейнеткеш адам. Жоқтан бар жасайды. Картопты сабанмен егіп, жүнмен егіп жатырмын дейді. Біз де болашақта осыдан үлгі алып, тәжірибесін қолданғымыз келіп отыр.

Осылайша бағбан су тапшылығынан да шығатын жол тауып, алақандай ауласынан мол өнім алып отыр. Еңбек еткен адам кез-келген тығырықтан шығары сөзсіз дейді ол.