$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Еліміздегі электр станцияларын күрделі жөндеуден өткізу үшін тариф өсуі мүмкін

11.09.2023ж. 20:00
911
Еліміздегі электр станцияларын күрделі жөндеуден өткізу үшін тариф өсуі мүмкін

Ескірген станция. Жел соқса үзілетін желілер. Еліміздегі электр станцияларды күрделі жөндеуден өткізу өзекті мәселеге айналып отыр. Саланы жаңғырту үшін тарифті тағы көтеру мәселесі қарастырылуда. Арнайы сайтта жарияланған энергетика министрлігінің құжаты ашық талқылауға шығарылды. Бұған қатысты жұрттың пікірі қандай? Мамандар не дейді? Тілшілеріміз тарқатып айтады.

Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ:

Келесі жылдан бастап елімізде электр энергиясының тарифтері өзгеруі мүмкін.Энергетика министрлігі негізгі генераторлық базалық станциялардың тозығы жеткенін мәлім етті.Соның салдарынан желіде авариялық жөндеулер жиілеп кеткен көрінеді.Саланы жаңғыртудың жалғыз жолы- тарифті көтеру. Көпшілік бұған наразы.

БЛИЦ-ОПРОС:

- Әрине дұрыс емес.Қалай төлейміз?Біз зейнеткерміз ғой. Пенсиямыз жетпейді коммуналкаға.
- Басқа да қаржылық қиындықтар болады.Сол үшін тарифтің көтерілуі дұрыс емес деп олйамын.Мен қарсымын.
- Ыстық су болмады жаздай.Бойлерді қостық. Бір айда даже 19 мың төледім.
- Коммуналдық қызметтерге бүкіл нәрсеге бағаны көтерпі жатыр, бірақ жалақыны көтермейді.

Қостанай облысында жиырмаға жуық кәсіпорын елді электр қуатымен қамтамасыз етеді.Оның бесеуі -мемлекеттік. Былтыр тариф 10 процентке өскен. Бұл жолы жарық жеткізуші мекемелер 22 пайызға көтеруді көздеп отыр.

Ілияс ЕЛЕМІСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Субьект жобасы- 22 процент. Бірақ сараптама қорытындысының негізінде келісілген баға бекітіледі. Және қазанның бірінен бастап енгізіледі.

Тобыл өңіріндегі электр желілерінің сексен пайызы тозған. Базалық станциялар да ескіріп тұр.Соның салдарынан жарықтың өшуі жиілеген.

Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ:

Бидайлы өлкедегі жағдай осындай. Ал, мұнайлы өңір Атырауда тариф түйткілі қалай шешіліп жатыр? Әріптесім Базаргүл Нәдірқызы баяндайды.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Атырауда қызметкерлерінің жалақысының өсіру үшін «Атырау –Жарық» кәсіпорны тарифты 12,17 пайызға қымбаттатты. Яғни бұрын электр қуатының тарифы 1 кВт /с 5теңге 84 тиын болса, 1-маусымнан бастап 6 теңге 55 тиынға өзгерді. Бірақ бұл қарапайым тұрғындар мен заңды тұлғалардың қалтасын қақпайды.

Жанар ДӘРІБАЕВА, ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ КОМИТЕТІНІҢ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Электр энергиясын тарату қызметі айналысатындықтан ол «Атырау энерго» ЖШС бағасының ішіндегі құрамдас бөлігі болып табылады. Яғни «Атырау жарық» тарифы «Атырау энергосату» бағасының ішінде отыр деген сөз. Атырау жарық тарифы өскенімен, "Атырау энергосату" ЖШС бағасы өзгеріссіз қалған болатын.

«Атырау энергосату» мекемесі есесіне тарифты былтыр көтеріп алған. Тұрғындар үшін 10, ал заңды тұлғалар үшін 7 пайызға қымбаттатты. Энергетиктер алдағы уақытта тарифтың өсу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бүгінде Атырау жарық балансында 10 мың шақырымға жуық электр желісі бар. Оған қаланың құзырындағы электр жүйесі қосылса, тарифты өсіруге ұсыныс бермек.

Қуанышбек ЖҰМИЕВ, «АТЫРАУ-ЖАРЫҚ» АҚ БІРІНШІ ТЕТЕ-ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Акиматтың сеттері бар Атырауда егер соны бізге біздің балансқа ауысса, онда тариф белгілі болады. Тариф көтеріледі. Өйткені біз оған адам алуымыз керек. Тағы да қаражат сұрастырып, техника бар, жалақысы бар, соның бәрінің есебін шығарып, тарифті көтеруге тиістіміз.

Энергетиктер аймақтағы электр желілерінің 40 пайызы әбден ескерген деп отыр. Тозығы жеткен тоқ желісін жаңартуға биыл 1 млрд 300 млн теңге бөлінген. Яғни жоспар бойынша, жылына 0,05 пайызын ғана жөнделеді деген сөз.