$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматыда алғаш рет жаңа медиа форумы өтті

12.09.2023ж. 20:00
721
Алматыда алғаш рет жаңа медиа форумы өтті

Бүгін Алматыда алғаш рет жаңа медиа форумы өтті. Басқосуда жақында ғана күшіне енген онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы Заң талқыланды. Жаңа Заңға қатысты тұрғындар тарапынан сұрақтар көп келген.

Евгений КОЧЕТОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Ең көп қойылған сұрақтардың бірі – блогерлерге әлеуметтік желілермен қолдану үшін міндетті түрде қандай да бір арнайы тіркелуден өту керек пе? деген. Жоқ, олай емес. Егер коммерциялық қызметтер жүргізсе ғана жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі қажет. Тағы да айта кетерлік жәйт, қазір бірқатар әлеуметтік желілерге қазақтілді интерфейстер енгізіліп жатыр. Бұл жақсы жаңалық.

Форумның басты мақсаты - дәстүрлі БАҚ пен жаңа медиа өкілдернің арасында байланыс орнату. Сондай-ақ мұнда сарапшылар жаңа медиаға қатысты мәселелерді талқылады. Форумның спикерлері мен хедлайнерлері заманауи сын-қатерлерді анықтап, олардың қазақстандық қоғамға әсерін бағалады.

Дәурен МЕРКЕЕВ, «AIRAN» YOUTUBE АРНАСЫНЫҢ БАС РЕДАКТОРЫ:

Мұндай шаралардың пайдасы зор. Кәсіби журналистердің көбісі қазір жаңа медиаға қарай ығысып жатыр. Әлеуметтік желіні пайдаланушылардың қарасы көбейіп келеді. Бірақ әлі де болса бұл саланың қыр-сырын танып үлгермегендер бар. Сондықтан осындай форумдар жиі өтіп тұру керек.