$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Елімізде интернет сапасына байланысты мәселе көп", - Б. Мусин

13.09.2023ж. 20:00
938
"Елімізде интернет сапасына байланысты мәселе көп", - Б. Мусин

2026 жылдың соңына дейін еліміздің облыс орталықтары мен ірі қалалары толықтай 5G интернет жылдамдығымен қамтамасыз етілмек. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің министрі Бағдат Мусин айтты. Соңғы кездері халық тарапынан ұялы байланыс операторларына түсетін шағым көбейді. Интернет жылдамдығы мен байланыстың нашарлауы барлық өңірде сезіледі. Жақында ғана интернет сапасы жағынан Жапонияны басып оздық деп жар салған сала министрі бұл олқылықтарды біледі. Оны жою үшін жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Бағдат МУСИН, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІ:

Иә, мойындаймын, елімізде интернет сапасына байланысты мәселе көп. Сондықтан, біз ұялы байланыс операторларына нақты міндеттер жүктедік. Ай сайын олардың жұмысын бақылап, қадағалап отырамын. Мен рэйтинг қумаймын. Өзім Токиода болған емеспін. Біз үшін де, отандастарымыз үшін бұл рэйтингтер маңызды емес. Мен де сіздер қолданатын операторды, сол интернетті пайдаланамын. Мойындау керек, интернетпен проблема менде де болады.