$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодарда «Нұр Отан» партиясы қоғамдық қабылдауына келгендер мұң-мұқтажын жеткізді

AstanaTV
08.11.2016ж. 20:00
2028
Павлодарда «Нұр Отан» партиясы қоғамдық қабылдауына келгендер мұң-мұқтажын жеткізді

«Тәуелсіз Қазақстан» республикалық үгіт-насихат пойызы Павлодарға жетті. Түрлі министрлік өкілдері, дәрігерлер мен заңгерлерден жасақталған арнайы топ «Нұр Отан» партиясы филиалының қоғамдық қабылдауында керекуліктердің мұң-мұқтажын тыңдады. Зейнеткер Ұрқия Рахманова 2001 жылы үш бөлмелі пәтерді сенімхат негізінде сатып алған. Ресейге көшіп кеткен үй иесі араға бірер жыл салып қайтыс болады. Сенімхатты ұзартып үлгермеген әйел қиындыққа тап болған. 10 жылдан астам уақыттан бері жылжымайтын мүлікті өз атына рәсімдей алмай жүр. Айтуынша, қолында пәтерге қатысты барлық құжаты бар.

Ұрқия Рахманова, зейнеткер:

Прокурорлардың қабылдауында болдым. Олар айтты, ешқандай қиындық жоқ, апай, сотқа талап-арыз түсіріңіз, сіздің жұмысыңыз бір айдың ортасында шешілу керек деді. 


Қоғамдық қабылдауға келушілердің басым бөлігін тұрғын-үй коммуналды шаруашылық саласы бойынша сұрақтар алаңдатады. Ал енді бірқатары құқық қорғау органдарының жұмысы мен сот ісіне қатысты. Осыны ескерген бас партия өкілдері прокуратура қызметкерлерін де арнайы шақырған. Мамандар бұқарамен тікелей тілдесіп мәселелерін шешуге қатысты нақты кеңес беруде.

Жұлдыз Тәйкебаева, «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының орынбасары:

Барлық қойылған сұрақтар біздің филиалдың тікелей бақылауында болады. Шешуге бар күшімізді саламыз.