$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қызылордада құрылыстағы оқыс жағдай бойынша сот басталды

AstanaTV
09.11.2016ж. 20:00
2632
Қызылордада құрылыстағы оқыс жағдай бойынша сот басталды

Қызылордада мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан құрылыс алаңында қабырғаның құлау дерегі бойынша сот басталды. Сот отырысында барлық куәгерлер тыңдалды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, оқыс оқиға өткен жылы наурызда болған. "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасымен салынып жатқан 6 көпқабатты үйдің бірінде бетон қабырға құлап, жұмысшы қаза тапты. Оқиға орнында зерттеу жұмыстарын жүргізген сарапшылар жобадан қателік кеткен деген тұжырым жасаған еді. Жобалаушының дерегіне сай, бетон қабырғаның құлауына темір арқаулардың аздығы себеп болған. Сондықтан жоба күшейте түсуді қажет етеді, - дейді мамандар.

Борис Ким, құрылтайшы «ССК-ПРОЕКТ» ЖШС техникалық директоры:

Сот сараптамасының бірінші тұжырымы 2015 жылдың шілде айында шыққан. Загурскийдің шешіміне сәйкес, кінә жобадан деп берілді. Оған біз келіспедік. Қайтадан мемлекеттік сараптамаға өткіздік. Ол осы жылдың ақпан айында шықты, оған екінші тарап наразылық білдірді. Содан соң үшінші рет сараптама өтті. Оның шешімі: жобада ауытқушылық болған деп кесілді.

Шарипа САҚТАПОВА