$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Бүгін арнайы комиссия Қазақстан шахтасындағы апатқа қатысты тергеудің қорытындысын жариялады

18.09.2023ж. 20:00
954
Бүгін арнайы комиссия Қазақстан шахтасындағы апатқа қатысты тергеудің қорытындысын жариялады

Қазақстан шахтасындағы апатқа 100 % жұмыс беруші кінәлі. “АрселорМитталТеміртау” Акционерлік Қоғамының басшылары кен орнына арнайы сертификаты жоқ, отқа төзімсіз конвейер жолағын орнатқандықтан ол үйкеліске төзбей жанған. Бұл туралы бүгін Қарағандыда өткен арнайы брифингте төтенше жағдай министрі Сырым Шәріпханов мәлімдеді.

Сырым ШӘРІПХАНОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:

“Біріншіден көмір конвейеріндегі өрт механикалық энергияның жылу энергиясы ауысуы салдарынан жолақ төсемнің конвейерінің кептелген және бекітілген ролигіне үйкелуіне байланысты өрт пайда болды. Комиссия жұмысының нәтижелкрі бойынша жұмыс берушінің 100% кінәсі анықталды”.

Ресми мәліметке сүйенсек, конвейер жолағы Үндістаннан сатылып алынған, отқа орташа төзімді. Қазақстанда ГОСТ талаптарына сәйкес келмейді. Шахтаға қиын жанатын жолақ төселуі тиіс болатын. Комиссия мүшелері қауіпсіздік талаптары сақталса апат болмауы мүмкін еді ,- дейді. Енді 5 адамның өліміне әкеліп соққан заң бұзушылықтар үшін 28 адам жауапқа тартылуы мүмкін. Олардың арасында компанияның бас директорының коммерциялық сұрақтар бойынша орынбасары, материалдық- техникалық қамтамасыз ету басшысы мен Көмір департаментінің техникалық директоры бар. Сонымен қатар орта және жоғарғы инженерлік- техникалық құрамның жұмыскерлері де сұралмақ. Жауаптылардың 26-ы- қазақстандық, екеуі Үндістан азаматы.

Айта кетейік, 17-інші тамыз күні Қащақстан шахтасында 700 метр тереңдікте өрт шығып салдарынан 5 кенші қайтыс болған еді. Тағы 16 адам жарақаттанған.