Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Бүгін футболдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңі басталады

AstanaTV
19.09.2023ж. 15:37
489
Бүгін футболдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңі басталады

Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің алғашқы туры өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл күні E, F, G, H топтарында командалар өзара кездеседі. Олардың қатарында «Пари Сен-Жермен», «Манчестер Сити», «Барселона» (Испания) клубтары бар.

Бүгінгі ойын кестесі мынадай:

E тобы: «Фейеноорд» (Нидерланд) - «Селтик» (Шотландия);

«Лацио» (Италия) - «Атлетико Мадрид» (Испания)

F тобы: «Пари Сен-Жермен» (Франция) - «Боруссия Дортмунд» (Германия), «Милан» (Италия) - «Ньюкасл» (Англия);

G тобы: «Манчестер Сити» (Англия) - «Црвена Звезда» (Сербия), «Янг Бойз» (Швейцария) - «РБ Лейпциг» (Германия)

H тобы: «Барселона» (Испания) - «Антверпен» (Бельгия), «Шахтер Донецк» (Украина) - «Порту» (Португалия).

Аталған ойындар арасынан елорда уақытымен 22:35-де «Милан» мен «Ньюкасл», 00:50-де «Лацио» мен «Атлетико» ойындары «Qazsport», «Пари Сен-Жермен» мен «Боруссия Дортмунд» кездесуі «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.