Соңғы кезде Таразда бағдаршамдар жиі істен шығады. Тіпті дұрыс жұмыс істемейтіндері бар. Жол белгілері де талапқа сай орнатылмаған. Салдарынан көлік жүргізушілері ереже бұзушы ретінде бейнекамераға түсіп қалуда. Темір тұлпар тізгіндегендер негізсіз айыппұл арқалап жатырмыз шағымданды. Ал полиция қызметкері бұған жергілікті жергілікті билікті кінәлап отыр.
Істен шыққан бағдаршам, дұрыс орнатылмаған жол белгілері. Жүргізушілердің жүйкесін жұқартты. Шағымдарын кімге барып айтарларын білмейді. Үндемейін десе себепсіз айыппұл арқалап жатыр.
Блиц-САУАЛНАМА:
- Кейбір жерлерде светофор істемей тұрады. Сызықтарда жөнді жоқ. Мына жолдың өзінің ережеге сай сызықтары да жоқ.
- Полосалар көп жерде дұрыс емес. Разырез тұрады ол жерде біз бұрыламыз енді разрез болатын шығар деп. Оказвается ол жерлер двойной спалшой. Талай мені өзімді ұстап оформить еткен кездер болған. Осы енді штрафқа жұмыс істейміз ба, бала шағамызға жұмыс істейміз ба соны түсінбейміз да.
- Осы қаладағы светофорларға қарайтын адам бар ма? Өмірі қарасаң істемей тұрады. Жиі болады неізінде ше бағдаршамның өшуі. Одан кейін бағдаршамдар өшкен жерлерде гайиларды көрмейсің.
Тараз қаласында 150-ге тарта бағдаршам бар. Соның жартысынан көбі күрделі жөндеуді қажет етеді. Алайда полицейлер қалалық әкімдікке қай жерге қанша жол белгілері қажет екенін айтып, бірнеше рет нұсқама жолдап, ұйғарым шығарған. Бірақ нәтиже болмады деп отыр.
Жайдарбек ҚҰТТЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
Міне екі жылдан бері осылай созылуда. Уақытылы бізде жол сызықтары, жол белгілері, бағдаршамдар күнделікті жұмыстар қанағаттандырусыз жұмыс атқаруда. Берілген нұсқамаларды орындамаған Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобил жолдары бөлімі 19 рет 6 млн астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ал қала әкімінің орынбасары бұл жағдай шынында күрделі болып тұрғанын жасырмады. Басты себебін мердігерді анықтауда қиындыққа тап болуымен түсіндірді.
Нұрбол ҚАЛДЫБАЕВ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Мемлекеттік сатып алу рәсімдерде екі мекеме қатысып, бір-бірін сотқа беріп жұмыстар тоқтап тұр. Қазіргі таңда бізді әлі күнге дейін жеңімпаз анықталмаған. Сол себептен мынау бағдаршам, жаңадан қоятын знактар, разметкамыз тоқтап тұр.
Жергілікті билік мәселені жыл соңына дейін шешеміз деп уәде етті. Бірақ оған дейін темір тұлпар тізгіндегендерге негізсіз айыппұл салына беретін тәрізді.