Қызылжарда бірнеше күннің ішінде тұрақты мекен жайы жоқ 300ге жуық адам анықталды. Полицейлер "қаңғыбас" жедел іс шарасын ұйымдастырып, қаладағы вокзал, базар, сауда үйлері мен жылу магистральдерін аралап шыққан. Нәтижесінде жүздеген бомжды тапқан. Олардың барлығы тұрақты мекен жайы жоқ адамдарға арналған мекемеге орналастырылды. Қазір сала мамандары олардың аты-жөнін анықтап жатыр.
Сейілхан ЖҰМАҒҰЛОВ, СҚО ПД КРИМИНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Үш күн ішінде біз үш жүзден астам үйдің жертөлесін, 203 кәріз құдығын, 418 иесі жоқ үйді тексердік. Онда табылған адамдардың барлығын фотоға түсіріп, арнайы базаға енгіздік. Он адамның төлқұжаты жоқ. Біз арнайы мекемеге орналастырып, аты жөнінің рас-өтірігін зерттеп жатырмыз.